Әкімнің көзі көпірге түсті
Шығыс Қазақстан облысының әкіміДаниал Ахметовтің Семей қаласына кезекті жұмыс сапары қызық сәттерімен есте қалды.
Алдымен қалалық әкімдіктеөткен жиында Семейдің қазіргі хал-күйі, экономикалық даму барысы туралы баяндағанқала әкімі Ермак Сәлімовтің хабарламасын тыңдады. Ермак Бидахметұлының айтуынша,өткен жылы басталған қаладағы орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізіп, жаңашасипатпен ашу жұмысы биыл толықтай аяқталады. Қала әкімі былтыр саябақты уақытшажауып, жазда пайдалануға берілетінін БАҚ өкілдерімен өткізген жиында айтып, бұлшаруаға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінгенін баяндаған еді. Алайда біресесметалық жоспары дұрыс болмай, біресе саябақты жаңартуға мердігер компаниятабылмай, уәде етілген мерзім жаз түгіл, күзге қалып, ақыр аяғы биылғы мамырға ұласыпотырған жайы бар. Есесіне Е.Сәлімовтің облыс әкімінің алдында мәлімдегендерегіне сүйенсек, биыл көпшілік-мәдени орындарды жаңғыртуға, балаларға арналған32 спорттық ойын алаңын пайдалануға беруге 6 млрд теңге қаражат бөлінген екен.
Қала әкімінің қазіргі күнде атқарып жатқанжұмыстарына қанағаттанған рай білдірген Даниал Ахметов те семейліктердіңалдында үміт етер бір жақсылықты айтқысы келген сыңай байқатты. Шығысқа әкімболған алты жылда Семейге талай рет келіп, бірқатар оңтайлы өзгерістердіңенуіне ұйытқы болғанын көңілге тоқ санаған Даниал Ахметовтің 2000 жылы тұсауы кесілгенаспалы көпірге енді көзі түскен жайы бар. Бұл тұрғыдағы ойынан бұрын, Абайесімін иеленген халықаралық әуежайдан «Қарағайлы» ықшамауданына дейінгі 25 шақырымжолды жөндеуден өткізу керегін мәлімдеген ол Бозтаев және Глинка көшелерін дежаңарту қажеттігіне тоқталды. Ал Абай театрының жөндеуден өтуі 20 шілдеге дейінаяқталуы тиіс. Осылайша Семей үшін маңызды саналатын бірқатар шаруаларды атап өткенДаниал Кенжетайұлы қаланың екі жағын жалғап жатқан, одан өзге де стратегиялықмаңызға ие аспалы көпірге атау беру керегіне тоқталды.
– Бұл көпірге атау беру қажет. Тіпті семейліктер арасында байқау жарияласақта артық болмайды. Бірақ мұндай ерекше нысанның аты да өзгеше болуы тиіс. Біз бұлкөпірді жарықтандыру тұрғысында көп талқыладық. Қазір көпірді жөндеуден өткізуге 340 млн теңге қаражат бөлінетін болады, – дедіД.Ахметов.
Әрине, қалаабыройын халықаралық деңгейде асқақтатып тұрғандай көрінгенімен, салынғанына 20жылдың жүзі болған аспалы көпірдің қазіргі жайы сын көтермейді. Көпірдің қалыптыжағдайда тұруына қала бюджетінің шамасы келмейтіні шындық. Жылда өтетін жамап-жасқаужұмыстарының сапасы үш жылға да жетпейтіні тағы бар.
Күні ертең Абайтойына келетін қонақтардың басым бөлігі әуежайдан түсіп, қала ішін аралағандаосы көпірдің үстімен өтетіндіктен, оған баса назар аудару керектігі өз-өзінен түсінікті.Алайда Даниал Кенжетайұлының көпірге атау беру жайлы ұсынысы жергілікті жұрт үшінайтарлықтай жаңалық болып көрінген жоқ. Оның бір себебі – жаңадан бой көтерген«Қарағайлы» ықшамауданын өткен жылдан бері өз аузымен «Абай Арена» деп атап жүргенАхметов жыл соңында вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайыловпен келгенсапарында жай ғана мәдени-спорттық кешен ретінде ашып, қараша халық асыға күткенатауды («Абай Арена») елеусіз қалдырып, көңілін су сепкендей басқан. Бірақартынша 10 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өткен Семей халықаралық әуежайына«Абай» атауын беріп жіберіп, олқылығын жуып-шайғандай болған-ды. Республикалықономастикалық комиссияның ұйғарымы бойынша бұл нысан «Семей» халықаралық әуежайы»ЖШС атауынан «Абай» халықаралық әуежайы» ЖШС болып өзгергенін ешкім ұмыта қойғанжоқ.
Міне, осы жайдысараптай келгенде, күні кеше ашылған «Қарағайлыдағы» мәдени-спорттық кешенгеемес, Д.Ахметовтің салынғанына 20 жыл өткен көпірге атау беруді ұсынуы қаншалықтықисынды деген ой еріксіз туындайды.