Саясат

Әкімнің қатты төбелесетін орынбасары Әбдібаев

Ресторандатөбелескен шенеуніктердің кім екендігі белгілі болды. «Жас Алаш» тілшісіАлматы облысына қарасты Ұзынағаш елді мекеніндегі «Белые розы» мейрамханасындаболған төбелеске қатысты Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы БақтиярАйталыға хабарласып, мәселенің мән-жайын білді.

Jasalash.kz

Айталының сөзінше,желтоқсан айының 25-і күні аудан әкімінің орынбасары Әбдібаев, аудандықмәдениет үйінің заңгері Бейсебаев және қала құрылысы және сәулет бөлімінің басмаманы Үсембаев арасында төбелес болған.

«25-ші желтоқсан күні сағат 00-30-да Ұзынағаш ауылындағы «Мирас»сауда орталығындағы «Белые розы» мейрамханасында аудандық мәдениет үйініңзаңгері Бейсебаев, әкім орынбасары Әбдібаев, қалалық құрылыс және сәулетбасқармасының бас маманы Үсембаев арасында төбелес болған. Алмас Әбдібаев пенҮсембаев екеуі Бейсебаевқа шабуыл жасаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, соғанбайланысты аудан әкімінің орынбасары мен қала және сәулет басқармасының бас маманыуақытша жұмыстан босатылды. Бейсебаев қазір ауруханада болғандықтан оғанқатысты шара шыққаннан кейін қабылданады», — деді баспасөз хатшысы.

Бұдан бөлек,Бақтияр Айталы БАҚ беттерінде тарап жатқан «шенділер жаңа жылдық корпоративтетөбелескен» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтты. Оның сөзінше,аудан әкімі осыған дейін жаңа жылдық бас қосу болмайтындығын мәлімдеген.

Айта кететін біржайт, дәл осыған ұқсас мәлімдемені бұған дейін облыс әкімінің баспасөз хатшысыҒалымұрат Жүкел де таратқан. Ол тіпті төбелес болған мейрамхананыңадминистраторының түсініктеме қағазын да көрсеткен. Қағазда «Жамбыл ауданыныңәкімшілігі 25-ші желтоқсан күні ешқандай кеш өткізген жоқ» деп жазылған.

Естеріңізгесалайық, бұған дейін Telegram әлеуметтік желісіндегі «Jexen news» арнасында: «Алматыоблысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кеші өте көңілді өтті»  деген тақырыппен мейрамхананың ішіндеголливудтық кино кейіпкерлеріндей төбелескен адамдар бейнеленген видео роликжарияланған. Кейіннен бұл ақпарат Қазнетте қызу талқыланып, БАҚ беттерінетараған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега