Қоғам

Ақын Мақсат Аханов алты айға айтыстан шеттетілді

Ақын Мақсат Аханов Шайыр ауылында өткен айтыстағы жағдайдан кейін алдағы алты ай бойы Айтыс одағы ұйымдастыратын ресми додаларға қатыстырылмайды.

Фото: әлеуметтік желіден

Бұған дейін ақын Нұргүл Хасанова әлеуметтік желіде Шайыр ауылының 100 жылдығына арналған шарада болған оқиғаға қатысты наразылығын білдірген. Оның жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында айтыскердің сахнаға мас күйінде шыққаны туралы пікірлер тараған.

Айтыс одағының төрағасы Аманжол Әлтаевтың айтуынша, аталған шара одақтың ресми жоспарына кірмеген. Айтысты жергілікті азаматтар мен жеке демеушілер ұйымдастырған.

Соған қарамастан, оқиға ескеріліп, Мақсат Ахановты алдағы алты айда Айтыс одағы өткізетін ресми айтыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылданған.

Сайт Әкімшілігі