Әлеумет

Ақмола облысында квадроцикл аударылып, 22 жастағы қыз қаза тапты

Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроциклдің аударылуы салдарынан 22 жастағы қыз көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Астана қаласының 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқарып келе жатып, көлік аударылып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Квадроциклде бірге отырған 2007 жылы туған жолаушы қыз медициналық көмекке жүгінген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында квадроциклді жалға беру пунктінің қызметі, мотокөлікті жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қайғылы оқиғаға әсер етуі мүмкін өзге де себептер тексерілуде.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты