Ақмола облысындағы шахтада екі адам қаза тапты
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде тау жынысы опырылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқандардың жасы 38 және 21-де болған. Қайғылы оқиға шахта ішінде тау жынысы құлаған кезде болған. Салдарынан екі ер адам оқиға орнында қаза тапқан.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі («Күзетілетін объектіге заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.