Әлеумет

АҚШ әскері Иранның бес танкеріне соққы жасады

АҚШ әскері Оман шығанағы мен Харк аралы маңында шикі мұнай тасымалдаған Иранның бес танкеріне шабуыл жасаған.

Фото: скриншот

 АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, операция АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемесіне жасалған зымырандық шабуыл әрекетіне жауап ретінде жүргізілген.

CENTCOM мәлімдеуінше, бес танкердің барлығы жойылды. Шабуыл басталар алдында кемелердің экипаждарына эвакуация туралы ескерту жасалған.

Тегеран бұл әрекетке жауап беретінін айтып, Иордания аумағындағы АҚШ әскери базаларына 20 баллистикалық зымыран ұшырған. Олардың 18-ін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ұстап қалған, ал екі зымыран адам тұрмайтын аумаққа түсті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ Иран Иран