Қоғам

АҚШ Эбола індеті тараған аймақтарға барған грин-карта иелеріне елге кіруге уақытша тыйым салды

АҚШ үкіметі соңғы 21 күн ішінде Эбола індеті таралған аймақтарда болған грин-карта иелеріне елге кіруге уақытша шектеу енгізді.

Фото: Jospin Mwisha / AFP via Getty Images

The Washington Post мәліметінше, шектеу Конго Демократиялық Республикасы, Уганда және Оңтүстік Судан аумақтарында болған адамдарға қатысты қолданылады.

Тиісті құжатқа АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі Роберт Кеннеди кіші қол қойған.

Құжатта бұл шешім қоғамдық денсаулық сақтау мүддесіне сай қабылданған «орынды әрі негізді шара» деп көрсетілген. Сонымен қатар билік Эбола вирусының ел аумағына таралуының алдын алу үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеді.

АҚШ тарапы шектеу індетті бақылауға арналған ресурстардың шектеулі болуына байланысты енгізілгенін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі