АҚШ Иранды әскери жолмен жеңе алмауы мүмкін – NYT
The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ-тың Иранға жасаған әуе соққылары күткен нәтижені бермеген.
Осыған байланысты Дональд Трамп әкімшілігі әскери шабуылдардан гөрі теңіз блокадасы мен Иранға қаржылық қысымды күшейтуге басымдық бере бастады. АҚШ әскери қолбасшылығы операцияның жақын арада аяқталатыны туралы мәлімдеме жасауды тоқтатқан.
Пентагон қазір бірнеше айға созылуы мүмкін ұзақ мерзімді қысым операциясына дайындалып жатыр. Алайда бұл стратегияның да кері әсері байқала бастаған. Иран мұнайының экспорты мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлер саны біртіндеп артып келеді.
Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Вашингтон Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіре алады. Бірақ бұл үшін жағалаудағы ирандық позицияларға қарсы толыққанды құрлық операциясын жүргізу қажет болуы мүмкін. Иран бұл аумақтарды бірнеше жыл бойы нығайтып келген. Пентагонның бұрынғы өкілі мұндай сценарийдің АҚШ үшін адам шығыны мен орасан қаржылық шығынға әкелетінін атап өтті.
Оның пікірінше, америкалық қоғам да, Дональд Трамптың өзі де мұндай «қан мен шығынға» төлеуге дайын емес.