Қоғам

АҚШ Қазақстанға жаңа импорттық баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 80-нен астам елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баж салығын енгізетінін жариялады.

Фото: Bloomberg

Жаңа тарифтер 24 шілдеден бастап күшіне енеді. Олар бұрын қолданылған 10%-дық баж салығының орнына енгізіліп, мөлшері 10%-дан 12,5%-ға дейін белгіленеді. АҚШ-тың Сауда өкілі Джеймисон Грирдің айтуынша, жаңа тарифтер Қазақстанмен қатар Ұлыбритания, Мексика, Канада, Австралия, Үндістан, Қытай және Еуропалық одақтың 27 еліне де қатысты болады.

Ақ үй бұл шешімнің құқықтық негізі ретінде 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімін көрсетіп отыр. Аталған норма «мәжбүрлі еңбек қолданатын» елдерге қатысты сауда шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Алайда Петерсон халықаралық экономика институтының заңгерлері жаңа баж салығына қатысты шешімге сауда серіктестері сотқа шағымданған жағдайда, оның күші жойылуы мүмкін екенін айтады.

Сайт Әкімшілігі