Қоғам

АҚШ Қазақстанның Қытаймен ІТ ынтымақтастығын тоқтатқанын қалайды

АҚШ билігі Қазақстанның жасанды интеллект саласында Қытаймен ынтымақтастығынан бас тартып, технологиялық бәсекеде Вашингтон жағын таңдағанын қалайды. Бұл туралы NBK хабарлады.

Фото: ЖИ

Вашингтон Астанаға талап қойып, Қазақстанды жасанды интеллект саласындағы жаһандық бәсекеде белгілі бір тарапты таңдауға шақырмақ. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл арқылы Қытайдың маңызды технологиялық жеткізу тізбектеріне қол жеткізуін шектеуді және өз елінің ИИ саласындағы көшбасшылығын нығайтуды көздеп отыр.

АҚШ дайындаған құжатта Қазақстанмен қатар Жапония, Аустралия және Оңтүстік Корея сияқты Вашингтонның одақтастары да аталған. Қазақстан америкалық тізімде стратегиялық маңызы бар ел ретінде қарастырылып отыр. Бұған елдегі аса маңызды минералдардың қоры себеп.

Сонымен қатар Астана екі тараппен де қарым-қатынасты сақтауға тырысып келеді: бір жағынан АҚШ-тың Pax Silica бастамасына қатысса, екінші жағынан Қытай бастаған жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа да араласуда.

Енді Вашингтонның жаңа талабы Қазақстанның осы тепе-теңдік саясатына әсер етуі мүмкін.

Сайт Әкімшілігі