АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Флорида штатында қазақстандық әйелдің ұсталғанын растады.
Ведомствоның мәліметінше, әйелді АҚШ-тың иммиграциялық қызметі заңды көші-қон мәртебесі болмағаны үшін ұстаған. Бұған дейін оның үш баланың анасы екені хабарланған еді.
Қазір Қазақстанның дипломаттары АҚШ-тың тиісті мемлекеттік органдарымен және ұсталған әйелдің отбасымен байланыста.
Сыртқы істер министрлігі оған қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.