АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ автожолға құлады
АҚШ-тың Техас штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, тікелей автомагистральға құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тапқан.
Оқиға 16 маусым күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 22:00-де Ларедо қаласында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұшақ бортында алты адам болған.
Ларедо полициясының өкілі Хосе Баэсаның айтуынша, апат салдарынан бір жолаушы көз жұмған. Қалған адамдардың жағдайы әзірге нақтыланып жатыр. Сондай-ақ ұшақ құлаған сәтте жолда болған азаматтардың зардап шеккен-шекпегені туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан ұшақтың жерге құлағаннан кейін бүйіріне аударылып, өртенгенін көруге болады.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын тиісті қызметтер анықтап жатыр.