Әлеумет

АҚШ Таяу Шығыстағы әскер санын 50 мың дейін арттырды

The New York Times газетінің мәліметінше, АҚШ Иранмен қақтығыс аясында Таяу Шығыстағы әскери күшін шамамен 10 мың адамға көбейтіп, өңірдегі америкалық әскери қызметкерлер санын 50 мыңға жеткізген.

Фото: ашық дереккөз

Басылымның дерегіне сәйкес, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы басталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық әскери базаларда шамамен 40 мың сарбаз болған. Олар Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Иордания, Катар, Кувейт және Бахрейн аумақтарындағы базаларда орналасқан.

Қазіргі уақытта аймақтағы АҚШ әскери қызметкерлерінің саны 50 мыңнан асқан.

Газетаның жазуынша, Таяу Шығыстағы америкалық контингент толық жауынгерлік дайындық режимінде қалып отыр. Сонымен қатар Ақ үйдің Иранға қарсы әскери іс-қимылды қайта бастауға дайын екеніне қатысты мәлімдемелері бір-біріне қайшы сигналдар беріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ әскери-теңіз күштерінің үш кемесі Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан кезде Иран күштері оларға шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде АҚШ әскері Иранның әскери нысандарына соққы берген.

Сайт Әкімшілігі