АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты
АҚШ-тың Иранмен арадағы әскери операцияларға жұмсаған шығыны 100 миллиард доллардан асып кеткен. Мұндай деректерді Moody’s сарапшылары мен Пентагон есептеріне сүйенетін Iran War Cost Tracker платформасы жариялады.
Мәліметке сәйкес, соғысқа сағатына шамамен 41 миллион доллар, ал секунд сайын 11 мың доллар жұмсалып жатыр.
Moody’s сарапшыларының бағалауынша, төрт айға созылған қақтығыс әрбір америкалық отбасыға орта есеппен 750 доллар шығын әкелген. Сонымен қатар әскери әрекеттер мұнай бағасының қымбаттауына әсер етіп, оның салдары жанармай құнының өсуіне ұласқан.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай ең алдымен табысы төмен тұрғындарға ауыр тиіп отыр.
Moody’s бас экономисі Марк Зандидің айтуынша, халықтың жинақ деңгейі тарихи минимумға жақындаған жағдайда, соғыс жақын арада аяқталмаса және энергия тасымалдаушылар бағасы төмендемесе, көптеген отбасы шығындарын қысқартуға мәжбүр болады.
Оның сөзінше, бұл өз кезегінде баяулап келе жатқан АҚШ экономикасына қосымша қысым түсіруі мүмкін.