Саясат

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды

Осы аптаға жоспарланған Украина, АҚШ және Ресей арасындағы үшжақты кездесу АҚШ әкімшілігінің бастамасымен кейінге қалдырылды.

Фото: UAE Government/REUTERS

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Ақ үй бұл бейбіт келіссөздерді Иран төңірегіндегі қарулы қақтығысқа байланысты кейінге шегеруді ұсынған.

— Осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесуді АҚШ Иран айналасындағы жағдайға байланысты кейінге қалдыруды ұсынды, — деді Владимир Зеленский.

Еске салайық, 2026 жылғы 25 ақпанда Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша Мәскеу, Киев және Вашингтон қатысуы тиіс үшжақты кездесудің наурыз айының басына шегерілгені хабарланған еді.

Бұған дейінгі үшжақты келіссөздер Украина мәселесіне байланысты Женева қаласында өткен.

Сайт Әкімшілігі