Қоғам

Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды

Ақтау қалалық сотының төрағасын Бауыржан Шайдуллин ұсталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: KTK

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тұтқындалғанын айтты.

Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған, делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Nurbike Beksultan
Тегтер: сотталушы