Оқиғалар

Ақтау маңында 6 жасар баланы көлік қағып кетті

Маңғыстау облысының Атамекен ауылында 7 мамыр күні жол-көлік оқиғасы болып, 6 жастағы бала зардап шекті, деп хабарлайды Lada.kz.

Фото: видео-скрин

Алдын ала мәлімет бойынша, 1997 жылы туған жүргізуші Toyota Camry автокөлігімен реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылып, зардап шеккен бала Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, балаға оң жақ жамбас сүйегі мойнының ығысумен жабық сынуы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Полиция көлікті айып тұрағына қойған. Жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады.

Сайт Әкімшілігі