Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып алған бала құтқарылды
Қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттағы ашық терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті.
Ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жетті.
Полицейлер келген сәтте жағдай аса қауіпті болды. Кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.
Бүлдіршін аман-есен құтқарылды. Баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ержан Көкенов пен Данияр Татиев кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті ықпал етті.