Қоғам

Ақтауда ер адам кеңсеге қару мен гранатаға ұқсас зат алып келген

Ақтауда кеңсеге кірген ер адамның сөмкесінен винтовка мен жарылғыш құрылғыға ұқсас заттар байқалған. Куәгерлердің айтуынша, ол жан-жағындағы адамдарға қоқан-лоқы көрсете бастаған.

ЖИ

Полиция мәліметінше, оқиға 30 сәуір күні болған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесін тексеріп, ішіндегі заттардың шынайы қару емес екенін анықтаған. Оның жанынан пейнтбол маркері мен пиротехникалық бұйымдар табылған.

Ер адам есірткіге мас күйінде болған және полицияға жеткізілді. Сот шешімімен ол есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Сайт Әкімшілігі