Әлеумет

Ақтөбе облысында шекара маңында дрон құлады

29 сәуірде Ақтөбе облысында дрон құлады. Салдарынан өрт шығып, шамамен 500 шаршы метр аумақтағы құрғақ шөп тұтанған.

видео-скрин

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт дронның соққысынан немесе жануынан болған. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жауды сөндірді.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, дрон сынығы шамамен 8:30-да анықталды.

«Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуы дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріледі», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, биыл наурыз айында әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңына да ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін бұл деректі өңірдің полиция департаменті растады.

Сайт Әкімшілігі