Аймақ

Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы баланың мәйіті өзеннен табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары аяқталды.

Фото: ашық дереккөз

Құтқарушылардың мәліметінше, Мансур Саматовтың сүйегі Ілек өзенінен, жағадан шамамен 3 метр қашықтықта және 1,5 метр тереңдікте табылған.

Еске салайық, 4-сынып оқушысы 29 наурыз күні жоғалып кеткен. Сол уақыттан бері өңірде тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Іздеу шаралары Мәртөк ауданына қарасты Сарыжар ауылы маңында өтті. Операцияға Төтенше жағдайлар министрлігінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздеудің алғашқы сағаттарынан бастап ТЖМ авиациясы қолданылып, кең аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берілді.

Күн сайын сүңгуірлер су айдынының 30–35 шақырымға дейінгі бөлігін тексерген. Қайықтар арқылы 25–30 шақырым су беті қаралса, жаяу топтар жағалау бойымен 15–20 шақырым аумақты шолған. Сонымен қатар, дрондардың көмегімен тағы 10–15 шақырым жер тексерілді.

Іздеу барысында эхолоттар да кеңінен қолданылды.

Құтқарушылардың айтуынша, іздеу жұмыстары өзеннің ерекшеліктеріне байланысты қиындаған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: бала өлімі