Өңір

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға 19 желтоқсанда сағат 8:30 шамасында Құрылыс ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында болды.

Фото: из открытых источников

Toyota Alphard автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

Салдарынан Toyota автокөлігінің жолаушылары, ер адам және екі 2007 ж.т. оқушы оқиға орнында қаза тапты.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сайт Әкімшілігі