Ақтөбеде әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен жігітке 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Ақтөбеде 22 жастағы жігіт әкесінің үйде жоқ сәтін пайдаланып, оның Toyota маркалы көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Сонымен қатар ол автокөлікке шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатып, қала көшелерінде емін-еркін жүрген.
Полицияның мәліметінше, үш күннің ішінде жүргізуші жол қозғалысы ережесін 33 рет бұзған. Бұзушылықтардың көбі белгіленген жылдамдықты асыруға байланысты тіркелген.
Нәтижесінде құқық бұзушыға 1,3 миллион теңгеден астам көлемде айыппұл салынды.
Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.