Оқиғалар

Ақтөбеде ескерту жасаған ер адамды күштеп көліктің жүксалғышына салып әкеткен

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды бірнеше адам күштеп көліктің жүксалғышына салып әкеткен. Оқиғаға қатысты күдіктілер кейін арнайы жасақтың көмегімен ұсталды.

Фото: полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жаяу жүргіншілер өткелінде басталған. Жәбірленуші жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге ескерту айтқан. Біраз уақыттан кейін күдіктілер оның үйінің маңында күтіп тұрған.

Ер адам таксимен келе жатқан сәтте олар күш қолданып, оны Lexus маркалы автокөліктің жүксалғышына салып алып кеткен.

Күдіктілерді анықтауға жол бойымен өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркеуішіне жазылып қалған кадрлар көмектесті.

Арнайы операция барысында күдіктілер арнайы мақсаттағы жасақтың қолдауымен қолға түсті.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі