Қоғам

Ақтөбеде танысын интимді сипаттағы видеоларымен бопсалаған күдікті қамауға алынды

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және жеке өмірге қол сұғу фактісінің жолын кесті.

Фото: Полиция

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны арызбен жүгініп, бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды. Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі