Оқиғалар

Ақтөбеде велокурьер 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға 30 шілде күні кешке болған.

gov.kz

Куәгерлердің айтуынша, курьер қызға ешқандай көмек көрсетпестен, оқиға орнынан ізін суытқан. Дәрігерлердің мәліметінше, қыздың жоғарғы жақ сүйегі мен бет сүйегі сынған. Сондай-ақ алдыңғы тістері түсіп қалған.

Қазір полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, оқиғаға кінәлі адамның жеке басын анықтап жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ақтөбе курьер