Ақтөбеде жаңа туған сәбиді пакетке салып, тастап кеткен
Ақтөбе қаласында жаңа туған нәресте салынған пакет табылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні тіркелген. Табылған сәбиді полиция қызметкерлері дереу медициналық мекемеге жеткізген.
Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында жатыр. Оның жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Полиция жаңа туған сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.