Қоғам

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апатына қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтеді.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы адвокат Олег Чернов мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу толық аяқталып, материалдар сотқа жолданған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған.

Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз көз жұмды.

Сайт Әкімшілігі