Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот марқұм қыздың әкесінің 100 миллион теңге өндіру туралы талабын қанағаттандырмады
Алматы қалалық соты биыл наурыз айында Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Апелляциялық шағымды қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі берген. Ол моральдық шығын көлемін 100 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.
Алайда апелляциялық сот алқасы жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырудан бас тартып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.
Осылайша, іс бойынша бұған дейін шығарылған үкім өзгеріссіз қалды.