Оқиғалар

Алакөл жаңа туристік маусымды жаңартылған инфрақұрылыммен қарсы алды

Биыл Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 470 контейнер, 50 торлы контейнер, 100 қоқыс жәшігі және 100 пластик контейнер орналастырылды.

Фото: ашық дереккөз

Туристердің ыңғайы үшін жағалауға 44 киім ауыстыратын кабина мен 24 модульді дәретхана орнатылды.

Сонымен қатар қорда 45 биодәретхана бар. Олар туристер көп шоғырланатын аумақтарға келушілер санына қарай қосымша қойылатын болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жағалау 40 құтқару мұнарасымен, 13 шақырымдық қалқыма белгілер (буй) желісімен және 7 пирспен жабдықталды.

Туристердің бағыт-бағдар алуын жеңілдету үшін 14 көрсеткіш белгі мен 38 ақпараттық стенд орнатылған. Бұл демалушыларға аумақта еркін бағдарланып, туристік нысандар мен қауіпсіздік шаралары туралы қажетті мәліметтерді жылдам алуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым нысандарын орналастыру және орнату бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық аяқталды.

Осылайша Алакөл жағалауы шомылу маусымын бастауға толық дайын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алакөл