Әлеумет

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөл көлінде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарушылардың көмегімен жағаға жеткізілді. Қатты желдің салдарынан олар өз күштерімен жағалауға жете алмаған.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға Жетісу облысындағы Ақши ауылы маңында болған. Алакөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен барып, көлде қалған адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.

Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.

Алакөлде шомылу маусымы маусым айында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Ал демалыс базаларында үш мезгіл тамақтану қарастырылған тәуліктік тұру құны бір адамға орта есеппен 20 мың теңгеден басталады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алакөл