Саясат

Албанияның экс-президенті коррупция күдігімен ұсталды

Албанияның экс-президенті және Еркіндік партиясының негізін қалаушы Илир Мета ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық және табыстарды жасыру күдігіне ілінген.

Фото: Panoramic / Zuma / Global Look Press

Ұсталған кезде ол қарсылық көрсетуге тырысқаны айтылады.

Бұған дейін Мета байлығын жасыру және ақша жымқыру күдігі бойынша тергеуде болған. Экс-президент барлық айыптауларды жоққа шығаруда.

Мета адвокаты ұстау дерегін растады.

55 жастағы Илир Мета — Албанияның солшыл Еркіндік партиясының жетекшісі және 2017-2022 жылдары ел президенті болды.

Ол премьер-министр Эди Раманы «кептократиялық режимді орнат» бойынша айыптап, қарсы шыққан.

Nazym Sapar
Тегтер: президент