Экономика

Әлемдік мұнай бағасы шамамен 3%-ға өсті

Әлемдік мұнай бағасы шамамен 3%-ға өсіп, соңғы бір айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл 17 маусымда АҚШ пен Иран арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Фото: из открытых источников

Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 85 доллардан саудаланса, WTI маркасының бағасы 80 долларға дейін көтерілді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, мұнай бағасының қымбаттауына Вашингтон мен Тегеран арасындағы өзара соққылар, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың теңіз қатынасына блокада енгізу туралы мәлімдемесі әсер еткен.

Сарапшылардың айтуынша, өңірдегі геосаяси шиеленістің ушығуы әлемдік мұнай нарығындағы белгісіздікті күшейтіп, бағаның одан әрі құбылуына себеп болуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай әлем