Саясат

Әлеуметтік желіде сайлау өткізгендер айыппұл төлейді

Әлеуметтікжеліде алдағы президенттік сайлауға орай сауалнама жүргізген екі азаматқаайыппұл салынды.

Jasalash.kz

Бұл туралы «Жас АЛАШ» ҚР Бас прокуратурасының баспасөзқызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» заңның бұзылмауын жіті бақылауға алыпты. Әлеуметтік желілермен қатаринтернет басылымдарды да қадағалау күшейген. Құзырлы орган «Nur.kz» сайтыныңОрталық Сайлау комиссиясына құлақдар етпей сауалнама жүргізу фактісінанықтаған.

 «ВКонтакте»әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны а.ж. 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде(37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған.Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтікжелісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілікжауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Баспрокуратура әлеуметтік желіде «президеттікке кандидаттардың қайсына дауысбересіз?» деген сипаттағы сауаланма жүргізуге болмайтынын ескертеді. Бұл Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 120 бабы бойынша жазаланатынын да айтады.

Фото: sdvv.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега