Саясат

«Әлі қуануға ерте»

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өкілеттілігін тоқтатуына орай саясаткер Серікболсын ӘБДІЛДИН Жас АЛАШ сайтының тілшісіне пікір білдірді.

Jasalash.kz
«Нұрсұлтан Назарбаев енді өз орнына қайтіп келмейді. Бірақ Елбасы туралы конституциялық заңды бекітіп қойды емес пе?  Сондықтан да әлі қуануға ерте», — деп қысқа қайырды саясаткер Серікболсын ӘБДІЛДИН. Бүгін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің өкілеттілігін тоқтататынын мемлекеттік арналар арқылы күтпеген жерден жариялады.Отыз жыл мемлекет басқардым деген Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ өзіне осы уақытқа дейін сенім артып дауыс берген қазақ халқына алғыс айтты.«Мені қолдаған халқыма басымды иемін. Енді жастардың билікке келуін қамтамасыз етуіміз керек. Заңға сәйкес мемлекет басына сенат төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ келеді. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ Қазақстанды басқаруға лайықты азамат.Менің замандастарым қолымыздан келгенше еңбек еттік. Жастарға айтарым тәуелсіздігімізді, отанымызды сақтай біліңіздер», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанан бері мемлекет басқарып келді. Постсоветтік елдер ішінде ең көп билікте отырған саясаткер. Енді конституцияға сәйкес сайлауға дейін билік сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына өтеді.Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қауіпсізідк кеңестің төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі болып қала береді. Фото: azattyq.org 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега