Әлеумет

Алматы әкімдігі тау өзендеріндегі жағдай туралы мәлімдеме жасады

Алматыда жауын-шашынға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Jasalash.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, құтқарушылар Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Мониторинг бекеттерінен ақпарат сағат сайын түсіп тұрады.

Сондай-ақ су ағынының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінің арнасы алдын ала тазартылған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар аумақтарға мердігер ұйымдардың, Құтқару қызметінің және ТЖД-ның күштері мен техникалары орналастырылған.

«Бұл жағдай өзгерген жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ешқандай төтенше оқиға тіркелген жоқ», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Сайт Әкімшілігі