Қоғам

Алматы әуежайында қалың қардың кесірінен рейстер кейінге шегерілді

Алматы әуежайында қардың қалың түсуіне байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

«Алматы әуежайында күрделі ауа райы жағдайына байланысты рейстердің кешігуі орын алуда», - деп хабарлайды Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Алматыдан ұшатын Астана, Доха, Қызылорда, Семей, Қостанай, Өскемен, Түркістан, Мәскеуге рейстер кейінге шегерілді. 

Алматыға Көкшетау, Атырау, Семей, Ақтөбе, Жезқазған, Мәскеу, Тараз, Душанбе, Дубай, Ташкент, Қызылорда, Астана, Дели, Доха, Абу-Даби қалаларынан ұшатын рейстер кешігіп жатыр.

Кейбір рейстер тоқтатылды. Ағымдағы рейс күйін әуежайдың және авиакомпаниялардың ресми сайтында тексеруге болады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: рейс Алматы