Қоғам

Алматы метросында төбелес шығарғандар жауапқа тартылды

Пойыз ішінде басталып, кейін метрополитен станцияларының бірінің платформасында жалғасқан төбелеске қатысты құқықтық шаралар қабылданды.

Фото: полиция

Полиция қызметкерлері жанжалға қатысқан екі азаматты ұстап, жиналған материалдарды сотқа жолдады.

Сот шешімімен құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық көлікте қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгелерге агрессия көрсетуге жол берілмейтінін ескертті. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтардың әрқайсысына заң аясында тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі