Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.
Бейнежазбада ұшақтың ағаштардың арасына түскені көрінеді.
Оқиғаға қатысты ақпаратты Қазақстанның Көлік министрлігі растады.
Ведомство мәліметінше, 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрықпен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес, UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесіне қатысты жағдай адам шығыны жоқ авиациялық оқиға, апат ретінде тіркелген. Оқиғаны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді.
Министрлік қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін апат орнына департамент қызметкері жіберілгенін хабарлады.