Қоғам

Алматы облысында көлік жүргізген жасөспірім мектеп оқушысын қағып кетті

Алматы облысында Түрген ауылында 12 жастағы бала жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шекті.

Фото: иашық дереккөзден

Алдын ала мәлімет бойынша, оны кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған көлік қағып кеткен. Оқиға кезінде автокөлік салонында 11-сыныпта оқитын бірнеше оқушының болғаны айтылады.

Оқиғадан кейін жоғары сынып оқушылары зардап шеккен баланы мектеп аумағына алып кеткен. Туыстарының айтуынша, баланы шамамен 30–40 минут бойы ұстап, болған жағдайды ешкімге айтпау жөнінде қысым жасаған. Кейін жасөспірімдер оны мектепке жеткізіп, мұғалімге баланы мопед қағып кетті деп хабарлаған.

Полиция дерегінше, көлікті басқарған кәмелетке толмаған тұлғаның кім екені жедел анықталған. Ол жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шара қолданылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі