Әлеумет

Алматы облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында коммуналдық кәсіпорынның басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Фото: ҰҚК

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысы Іле ауданы әкімдігіне қарасты Іле Су ШЖҚ МКК басшысы Жандос Жұрыновты ұстаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталу фактісі пара алу күдігімен байланысты.

Қазіргі уақытта іс бойынша ресми мәліметтер жарияланған жоқ.

Айта кетейік, «Іле Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Алматы облысының Іле аудандық әкімдігіне қарайды.

Құқық қорғау органдары әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Сайт Әкімшілігі