Қоғам

Алматы облысында сел қаупі жоғары тау көлдерін бақылайтын бекеттер іске қосылды

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне қарасты сел қаупі жоғары тау көлдерінің жай-күйін бақылауға арналған биік таулы маусымдық бекеттер жұмысын бастады.

Фото: ТЖМ

Ведомствоның мәліметінше, бекеттер гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауға, су деңгейіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтауға және қауіп төнген жағдайда жедел ақпарат таратуға мүмкіндік береді.

Сел қаупі кезеңінде мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарып, аса қауіпті тау көлдерінің жай-күйіне үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Мұндай бақылау шаралары ықтимал сел қаупінің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сайт Әкімшілігі