Аймақ

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы аумағында жол апаты болды.

Фото: из открытых источников

Салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов​.

Nege.kz хабарлағандай, Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылы аумағында, «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9 -шы шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы полиция басқармасында тіркелді.

Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жангүл Есениязова
Тегтер: Жаңалық