Қоғам

Алматы тауларында туристер құтқарылды

Бүгін түнде Алматы қаласы Медеу ауданында ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері теңіз деңгейінен 4147 метр биіктікте орналасқан Молодежный шыңында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Фото: ТЖМ

Шыңға көтерілген үш туристің байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушылар тобы дереу таулы аймаққа шықты.

Аумақты тексеру барысында туристер Молодежный шыңының маңынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз түрде төмен түсірді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сайт Әкімшілігі