Оқиғалар

Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған туристке көмек көрсетілді

Алматы тауларында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте өзін жайсыз сезінген туристке құтқарушылар көмек көрсетті.

Фото: ЖИ

Оқиға Бостандық ауданындағы Терра алаңы маңында, «Девичьи слёзы» сарқырамасынан жоғары аумақта болған.

1963 жылы туған ер адам жағдайының күрт нашарлағанын айтып, таудан өздігінен түсе алмайтынын хабарлаған.

Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары, Алматы қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жетті.

Құтқарушылар туристі тауып, оған қажетті алғашқы көмекті көрсеткен. Кейін мамандар ер адамның қауіпсіз түрде төмен түсуін ұйымдастырды.

Эвакуация аяқталғаннан кейін азамат медициналық тексеруден өткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Сайт Әкімшілігі