Әлеумет

Алматы тұрғынының Threads-тегі жазбасы қоғамда резонанс тудырды

Алматы тұрғынының әлеуметтік желідегі жазбалары қоғамда үлкен наразылық тудырды. Пайдаланушылар оны жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы   NewTimes.kz жазды.

 Мәселе Threads платформасындағы пікірлерден кейін ушыққан. Онда әйел адам қазақтарға қатысты қорлайтын және кемсітетін сөздер қолданған. Атап айтқанда, ол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «мас, топас және ауылдан шыққандар» деп атаған.

Фото: скриншот

Желі қолданушылары бұл жазбаларға жаппай назар аударып, скриншоттарды тарата бастады. Айтуларынша, мұндай мазмұндағы пікірлер оның парақшасында бірнеше рет жарияланған.

Фото: скриншот

Сондай-ақ, ол Қазақстанды «жексұрын мемлекет» деп сипаттағаны айтылып отыр. Бұл мәлімдемелер қоғамның ашуын туғызып, азаматтар құқық қорғау органдарына жаппай шағым түсіре бастаған.

Көпшілік оны Қылмыстық кодекстің 174-бабы («әлеуметтік, ұлттық араздықты қоздыру») бойынша жауапқа тартуды талап етуде.

Ақпаратқа сәйкес, аталған азаматша бұған дейін де әлеуметтік желілерде түрлі даулы пікірлерімен көзге түскен. Оның кей жазбалары Қазақстан, қазақтар және ислам дініне қатысты сын мен қорлау сипатында болғаны айтылады.

Оқиғаға байланысты ІІМ мен Алматы қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолданған. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін Алика Мұхаммадиева сотталған болатын.

Сайт Әкімшілігі