Оқиғалар

Алматы-Бішкек тас жолында жоғалып кеткен ер адамның үш айдан кейін мәйіті табылды

Алматы облысында ақпан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілердің Lider.kz ұйымы хабарлады.

Фото: Lider.kz

Мәліметке сәйкес, Шыңғыс Өтеубаев 2026 жылдың 4 ақпанында жоғалып кеткен. Ол таңертең Жамбыл ауданындағы Алматы-Бішкек тас жолының 60-шақырымындағы тұрақта жеке заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Еріктілердің айтуынша, 1987 жылы туған азаматтың бойы шамамен 170-175 сантиметр болған. Денелі келген, шашы қысқа әрі қара, көзі қоңыр түсті. 12 мамыр күні жол құрылысымен айналысатын жұмысшылар ер адамның мәйітін елсіз аумақтан тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, денеден зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі