Қоғам

Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр

Сайран көлі маңында 15 жастағы қызға бейтаныс ер адамның тиіскені туралы ақпарат тарады.

gov.kz

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ер адам алдымен қызға сөз салып, оған жылы сқйлеп, кейін бірге жүруді ұсынып, тіпті тыйым салынған заттарды пайдалануға итермелеген.

Оқиға кезінде қыз абыроймен жағдайдан шығуға тырысып, ер адамның фотосын жасырын түсіріп үлгерген және дер кезінде қашып кеткен.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі