Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
29 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:09-да ҚР ТЖМ-нің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.
Сейсмологтардың мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл көлемінде сезілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.