Өңір

Алматыда 46 млн теңге ұрлаған мектептің бас есепшісі сотталды

Алматы мектептің бас есепшісі 46 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын айлықты өзінің жеке шоттарына аударып келген.

Осы оқиға бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, – делінген хабарламада.

Тергеу кезінде мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Т. РАУШАНҰЛЫ